11.05.2007, 12:30 3070

Қазақстанда конституциялық реформа дайындалуда

АЛМАТЫ. 11-мамыр. Kazakhstan Today. Алматы қалалық әкімшілігіндегі ақпарат көздерінен белгілі болғанындай, келесі аптада парламент Қазақстан Конституциясына түзетулер енгізуге тиіс.

Конституциялық реформалардың мақсаты - парламент депутаттарының санын арттыру, сондай-ақ, парламентті таза партиялық тізім бойынша жасақтау.

Белгілі ақпаратқа сәйкес, сондай-ақ, президенттік мерзімнің санын шектейтін бапқа да түзету енгізілмекші. Қазақстан Республикасының президенті өз міндетін екі мерзімнен артық атқара алмайды, алайда бұл шектеу Қазақстанның бірінші президентіне қатысты емес.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны