13.02.2015, 09:49 3605

Қазақстанда қорғаныс қажеттілігіне арналған техника өндірісі дамып келеді

2014 жылы Қазақстан Қарулы Күштерініӊ тапсырысымен жасалған "Сарыарқа" кемесі суға түсірілді. Оныӊ басты міндеті - еліміздіӊ теӊіз шекарасын күзету. Кеменіӊ су ығыстырғыштығы 250-тоннаға жуық, ұзындығы 42 метр шамасында, ал еӊ жоғары жылдамдығы 25-30 узелге дейін жетеді, жүзу қашықтығы 1200 мильге жуық.

Астана. 13 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгінгі таӊда Қазақстанда қорғаныс мақсатындағы өнімдердіӊ өндірісі даму үстінде. Оралдағы кеме шығарумен айналысатын "Зенит" зауыты осындай өндіріс ошақтарыныӊ бірі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2014 жылы Қазақстан Қарулы Күштерініӊ тапсырысымен жасалған "Сарыарқа" кемесі суға түсірілді. Оныӊ басты міндеті - еліміздіӊ теӊіз шекарасын күзету. Кеменіӊ су ығыстырғыштығы 250-тоннаға жуық, ұзындығы 42 метр шамасында, ал еӊ жоғары жылдамдығы 25-30 узелге дейін жетеді, жүзу қашықтығы 1200 мильге жуық. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бүгін ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ делегациясы техника өндірісі туралы мәселелерді талқылау үшін осы зауытқа барды.

"Біз осы кәсіпорында, тиісінше қазақстандық кәсіпорындарда аспаптар жасауға арналған цех ашу, оларға қызмет көрсету және Қазақстан Искери-теӊіз күштеріне жеткізу мәселесін егжей-тегжейлі талқыладық", - деп хабарлады ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов.

Сонымен қатар, өндірісті дамыту және жетілдіре түсу үшін ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ делегациясы француздық мамандармен бірге "Гидроприбор" ғылыми-зерттеу институтында болды. Оныӊ базасында су асты робототехникасын шығару жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны