10.05.2006, 13:33 3110

Қазақстанда құс тұмауына қарсы вакцинаның ТМД аясындағы ең көп қоры бар – үкімет басшысы

АСТАНА. 10-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанда құс тұмауына қарсы вакцинаның ТМД аясындағы ең көп қоры бар. Бұл туралы үкімет басшысы Даниал Ахметов бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Бүгінде Қазақстанда құс тұмауына қарсы вакцинаның 9,9 млн. дозасы, терафлю дәрісінің 15 мың дозасы бар. Біз осындай көлемде қоры бар ТМД аясындағы бірден-бір мемлекетке саналамыз”,- деді Д.Ахметов.

Үкімет басшысының айуынша, елімізде төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкілдерінің басшылық етуімен құс тұмауына қарсы күрестің аймақаралық штабтары құрылған. “Ахуалды қатаң қадағалап отырмыз. Ирбір аймақтағы жағдаймен хабардармыз. Біз бұл жұмысқа дайынбыз деп нық сеніммен айта аламын”,- деді Д.Ахметов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны