05.09.2016, 10:06 2464

Қазақстанда лаӊкестік қауіп-қатерге байланысты хабарламалар қабылдайтын бірыӊғай телефон нөмірі белгіленді

Егер жоспарланып жатқан террористік актілері туралы білсеӊіз, немесе радикалды топтардыӊ адамдарды өзіне тарту, көндіру әрекеттеріне тап болсаӊыз, не болмаса оныӊ куәгері болсаӊыз, терроризм мен діни экстремизмді насихаттайтын әдебиетті тарату туралы білсеӊіз, "110" номеріне хабарласыӊыз.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда террористік қауіп-қатерге байланысты хабарламалар қабылдайтын бірыӊғай телефон нөмірі белгіленді.

Егер жоспарланып жатқан террористік актілері туралы білсеӊіз, немесе радикалды топтардыӊ адамдарды өзіне тарту, көндіру әрекеттеріне тап болсаӊыз, не болмаса оныӊ куәгері болсаӊыз, терроризм мен діни экстремизмді насихаттайтын әдебиетті тарату туралы білсеӊіз, "110" номеріне хабарласыӊыз. Осы номер бойынша Қазақстанныӊ кез келген аймағынан келіп түскен қоӊырау аумақтық белгісі бойынша ҰҚК департаменттерініӊ кезекшілік қызметтеріне жолданады.

Еске салайық, Қауіпсіздік кеӊесініӊ 2016 жылғы 10 маусымдағы хаттамалық тапсырмасымен облыстардыӊ, Астана мен Алматы қалаларыныӊ әкімдеріне ІІМ, ҰҚК, сондай-ақ, Ақпарат және коммуникация министрлігімен жергілікті жерлерде терроризмге қарсы "қауырт" желілер ашу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Қазіргі кезде ҰҚК келісімге қол жеткізген аудандық, қалалық телефондардан және "Beeline" мобильді операторыныӊ номерлерінен тегін қоӊырау шалуға болады. Басқа байланыс операторларымен келіссөздер жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны