22.05.2009, 10:33 1393

Қазақстанда мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерінде бақылау күшейтілуде

Қазақстанда мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерінде бақылау күшейтілуде

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерінде бақылау күшейтілуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылғы 21 мамырда ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде вице-министр Азат Бектұровтың қатысуымен терроршылдыққа қарсы әрекет комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа министрліктің құрылымдық бөлімшелер, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ және "ИТЖК" АҚ өкілдері қатысты.

Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Иділет Барманқұлов Көлік және коммуникация министрлігінің 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында терроршылдық, экстремизм және сепаратизммен күресу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау барысы жөнінде баяндады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР Ішкі істер министрлігі және ҚР Төтенше жағдай жөніндегі министрлігімен бірлесіп "Көлік және коммуникация кешеннің инженерлік-техникалық ғимараттарда терроршылдық әрекет жасалуы мүмкін болатындығын тексеру жөніндегі аймақтық комиссияларын құру жөніндегі" бұйрық шығарды.

"Биотерроршылдыққа қарсы әрекет жасау, республика аймағына басқа да террор құралдарын әкелуге жол бермеу мақсатында мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерінде бақылауды күшейтуге арналған шаралар қолдануда",- делінген хабарламада.

Министрлік ақпаратына сәйкес, автокөлік және жүк тасымалдау құжаттарды тексеру қатаң қадағалауда, жақын және алыс шет елдерге адам және жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілермен жұмыс жүргізілуде. Стратегиялық объектілерді күзет қызметтермен тәртібін күшейтуге, терроршылдық қауіптен қорғауға, оның ішінде террорға қарсы оқу-жаттығулар өткізілуде.

"Халықаралық және жергілікті қатынастағы пойыздарда ҰҚК департаменті, ішкі істер желілік бөлімшесі және көлік прокуратурасымен бірлесіп, терроршылдық әрекеттердің алдын алу және тоқтату, тыйым салынған діни әдебиеттерді тасу фактілерін анықтау мақсатында рейдтік тексерулер жүргізіледі",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, барлық әуежайларда бейнебақылау жүйесі енгізілген, оларды қазіргі заманғы тексеру құралдарымен жабдықтау ісі бақылауға алынған, әуежайлардың авиациялық қауіпсіздік қызметі негізінен жедел радиобайланысымен жарақталған, өтімділігі жоғары патрульдік автомобильдері мен арнайы киімдері бар.

"Ақтау халықаралық сауда порты" РМК-нда ҚР ҰҚК Шекаралық қызметінің бақылау-өткізу бекеттер құрылған және орналастырылған. Мұнай және құрғақ жүк таситын шетелдік кемелер, порт айлағына келген бетте, облыстық кеден басқармасының сүңгуірлердің арнайы бөлімшелері кемелердің су астындағы бөлігінде жарылғыш құрылғылар, есірткі, улы химикаттардың және басқа алып өтуге болмайтын материалдарды анықтау мақсатында таңдамалы тексерістер өткізеді.

"Жалпы, алдыңғы қатарлы шет елдердің террорға қарсы жасалып жатқан ұйымдастыру және практикалық шараларын талдау террор мен діни экстремизммен күштеп күресу әдістерінің біртіндеп тиімді ведомствоаралық үйлестіру құрылымдарын құру мен осы қауіп-қатерлерге идеологиялық және насихаттық қарсы шаралар қолдануға бағытталған алдын алу мен профилактикалық жұмысты күшейтуге қарай ойыса бастағанын дәлелдейді",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны