26.06.2015, 14:32 3802

Қазақстанда парниктік газдардыӊ қалдықтарына болжам жасау мен мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін үлгі таныстырылды

Қазақстанда энергетикалық сектордағы декорбанизациялау жөніндегі семинар-кеӊес барысында алғаш рет экономиканыӊ түрлі салаларындағы кәсіпорындар тарапынан ауаға тасталған парниктік газдарға болжам жасап, мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін "СALCULATOR" жобасыныӊ таныстырылымы өтті

Астана. 26 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда энергетикалық сектордағы декорбанизациялау жөніндегі семинар-кеӊес барысында алғаш рет экономиканыӊ түрлі салаларындағы кәсіпорындар тарапынан ауаға тасталған парниктік газдарға болжам жасап, мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін "СALCULATOR" жобасыныӊ таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Декорбанизация дегеніміз не - экономикалық өсімді көміртегіден тазарту. Ирине, мәселені бір мезетте шеше салу мүмкін емес, қалдықтардыӊ көлемін азайту бойынша тереӊ құрылымдық техникалық қайта құру қажет. Алайда, Ұлыбритания, Норвегия, Америка Құрама Штаттары сияқты мемлекеттерде қалдықтарды қысқарту бойынша сәтті қабылданған стратегия тәжірибесі бар. "ҚР энергетикалық сектордағы кәсіпорындарды декорбанизациялау" атты семинар-тренинг барысында біз сол үлгілердіӊ бірін қарастырып отырмыз. Ол "СALCULATOR" деп аталады. Аталған үлгі Еуропада жақсы тәжірибеден өтті. Екі ай бұрын Ресейде оныӊ таныстырылымы өтті",-деді "Жасыл академия" ғылыми-білім беру орталығыныӊ директоры Бақыт Есекина, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, "СALCULATOR" түрлді салалардағы парниктік газдардыӊ қалдықтарына болжам жасап, мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. "Бұдан соӊ біз аталған бағдарлама бойынша оқытып, үйрету үшін ҚР Энергетика министрлігіне ақыл-кеӊестер береміз. Кәсіпорындарда атмомфераға тасталатын қалдықтар саясатын анықтауға мүмкіндік беретін құжаттардыӊ болуы маӊызды",-деді ол.

Ғалымдардыӊ мәліметтерінше, қазір әлемдегі бастапқы энергиялардыӊ 80 пайызы қазба отыннан алынады, ал ол отындар тұтынылған кезде 34 млрд тоннаға жуық көміртегі диоксидін тастайды. Көмірқышқыл газыныӊ атмосфераға ықпалын азайту мақсатында жаһандық және ұлттық экономикаларды декорбанизациялау керек.

Ұйымдастырушылардыӊ сөздерінше, бұл міндетке қол жеткізу оӊай емес, әсіресе энергетиканыӊ мұндай ірі бөлігі үшін.

Естеріӊізге сала кетейік, жақында ғана Германияда өткен G7 саммитінде АҚШ, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада сияқты дамыған мемлекеттер 21 ғасырдыӊ соӊына дейін өз экономикаларын декорбанизациялайтын болып шешті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны