14.12.2018, 19:43 4792

Қазақстанда STEM пәндерін дамытуға бағытталған еӊ ірі науқанға күтілгеннен үш есеге көп қатысушы жиналды

Жыл сайын "Код сағатын" әлемдегі 180-нен аса ел қолдайды. Науқан аясында Канаданыӊ әрекеттегі премьер-министрі Джастин Трюдо, АҚШ 44-президенті Барак Обама және ҚР Президенті әкімшілігініӊ басшысы Исет Исекешев алғашқы кодты жазып шықты.

Алматы. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда STEM пәндерін дамытуға бағытталған еӊ ірі науқанға күтілгеннен үш есеге көп қатысушы жиналды.

2018 жылдыӊ 3-9 желтоқсан күндері мектеп оқушыларына бағдарламалауды үйретуге арналған "Код сағаты" атты жыл сайынғы науқан Қазақстанда төртінші мәрте өтті. Бүкіл Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептерде және сауда ойын-сауық орталықтарында өткен осы науқан аясында информатика бойынша бір сағаттық сабақтарға 300 мыӊнан аса оқушы қатысты.

Ақпараттық технологиялар өскелеӊ ұрпақтыӊ алдына жаӊа талаптарды қоя отырып, әлемдік экономиканы түбегейлі түрде өзгертіп жатыр. Дүниежүзілік экономикалық форумныӊ зерттеуі бойынша қазіргі замандағы оқушылардыӊ 65%-дан астамы бүгінгі күні жоқ кәсіптерді келешекте игеретін болады. Сондықтан "Код сағатыныӊ" басты идеясы - мектеп жасындағы балаларды бағдарламалауды үйренуге тарту.

"Күтілгеннен үш есеге көбірек оқушыныӊ қатысқанына біз қуанып та, таӊқалып та отырмыз. Бастапқыда біз тек 100 мыӊ оқушы ғана қатысады деп болжағанбыз. Сондай-ақ, биылғы "Код сағаты" бағдарламалауға ұлдардыӊ ғана емес, қыздардыӊ да қызығушылығы көп екендігін байқатты. Науқанға 164 411 ұл және 145 244 қыз қатысты. Сондай-ақ, биыл алғаш рет қазақ тілінде қатысқан оқушылардыӊ саны (160 198) орыс тіліндегілерден (148 276) асып түсті. Біз бұрын осы бастамаға белсендірек қатыса алмаған өӊірлерді де сапалы түрде қамти алдық. Бұл Шымкент қаласы, Қызылорда және басқа да бірқатар облыстар болатын. Биылғы жылдыӊ тағы бір жаӊалығы - оқушылар Код сағатын өз телефондары арқылы қатысқан. Бүкіл әлемде бұл BYOD (bring your own device - өз құрылғыӊды өзіӊмен әкел) деп аталатын бұл тәжірибе көбірек балалар санын қамтуға мүмкіндік береді", - дейді Қазақстандағы "Код сағатыныӊ" ұйымдастырушысы Алена Ткаченко.

"Код сағаты" - бұл оқушыларға бағдарламалауды үйретіп қана қоймай, сонымен бірге, өзініӊ сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамытып, ақпараттық технологиялар саласында негізгі білімдерді алуға мүмкіндік беретін науқан. Өз кезегінде мұғалімдер сабақтарда жаӊа интерактивтік технологияларды қолданып, осылайша оқушылардыӊ пәнге деген қызығушылығын көтере алады.

Жыл сайын "Код сағатын" әлемдегі 180-нен аса ел қолдайды. Науқан аясында Канаданыӊ әрекеттегі премьер-министрі Джастин Трюдо, АҚШ 44-президенті Барак Обама және ҚР Президенті әкімшілігініӊ басшысы Исет Исекешев алғашқы кодты жазып шықты.

Қазақстандағы "Код сағатын" ҚР Тұӊғыш президентініӊ қоры, Method және Love to Code бағдарламалау мектептері ұйымдастырдц. Бастаманы ҚР Білім беру министрлігі, Microsoft Қазақстан, Halyk Bank, it-компаниялар мен жеке білім беру мекемелері қолдады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны