05.05.2016, 10:38 4527

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында сәби өлімініӊ көрсеткіші 3 есеге төмендеді

Қазақстанда тәуелсіздік жылдары диагностикалау мен нәрестеніӊ бойындағы патологияларды ерте кезеӊде анықтаудыӊ заманауи тәсілдерін қолдану нәтижесінде сәби өлімін 1991 жылы 1000 тірі туылғандарға шаққанда 27,4-тен 2015 жылы 9,39-ке дейін 3 есеге төмендеді

Астана. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда тәуелсіздік жылдары диагностикалау мен нәрестеніӊ бойындағы патологияларды ерте кезеӊде анықтаудыӊ заманауи тәсілдерін қолдану нәтижесінде сәби өлімін 1991 жылы 1000 тірі туылғандарға шаққанда 27,4-тен 2015 жылы 9,39-ке дейін 3 есеге төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Республикада күн сайын 1 мыӊнан астам, жыл сайын 400 мыӊнан аса сәби дүниеге келеді. Туу көрсеткіші соӊғы 5 жылда 3%-ға өсті. Елімізде сәби өлімін азайтуға бағытталған шаралардыӊ нәтижесінде салмағы 500 грамм және одан асатын шала туған балалар өмір сүруге мүмкіндік алды. 5 жылда салмағы 1500 граммға дейінгі санаттағы балалардыӊ тіршілікке қабілеттілігі 30%-ға өсіп, 60%-ға жуық көрсеткішті құрап отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі туу мен өлі туу өлшемдерін енгізуді есепке ала отырып елімізде стационарлық қызметті, тәжірибеге үнемді, қолжетімді, қарапайым, халықаралық технологиялардыӊ дәлелді медицинасына негізделген тиімді перинаталды күтімді, балалық жас ауруларды біріктіріп қарастыруды нығайту мен жетілдіру шаралары басталды.

Еліміздіӊ барлық өӊірлерінде тиімді перинаталды көмекті енгізу бойынша оқыту орталықтары жұмыс істеуде.

Перинаталды көмек көрсетуде бірегей тәсілдерді қолдануды қамтамасыз ету мақсатында 300-ден астам емханалық хаттамалар халықаралық стандарттарға сәйкестендіріліп, бекітілді, сонымен бірге, медициналық қызметкерлер оқытылып, медициналық ЖОО-да оқу және жұмыс бағдарламалары өзгертілді.

Дамудыӊ туабітті кемістіктерін уақытылы анықтау үшін генетикалық және ультрадыбыстық скрининг жасалады. Перзентхана деӊгейінде нәрестелердіӊ есту қабілеті кемістіктерін анықтау бойынша скрининг енгізілген.

Неонатальды хирургияныӊ дамуына қарай 3 жылда ота жасалған нәрестелер көрсеткіші 50%-ға ұлғайып, хирургиялық патологиядан қайтыс болған нәрестелер көрсеткіші 2010 жылмен салыстырғанда 40%-ға төмендеді.

Туабітті жүрек-қантамырлар жүйесі кемістігін түзету бойынша түбегейлі хирургиялық оталар сәтті жүзеге асырылып келеді. Бүгінде Астана және Алматы қалаларындағы ғылыми орталықтарда нәрестелерге "ашық жүрекке" ота жасалуда, сонымен қатар, жүрек кемістігін интервенциалды, аз инвазивті тәслдермен түзету шаралары іске асырылуда.

Айта кету керек, ана мен сәби денсаулығы еліміздіӊ демографиялық, экономикалық, еӊбек, әлеуметтік, мәдени және қорғаныс әлеуетініӊ негізін қалыптастырады. Сондықтан жа, ана мен бала денсаулығын қорғау - республикадағы денсаулық сақтау жүйесініӊ басым бағыттарыныӊ бірі болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны