11.09.2007, 19:13 3089

Қазақстанда тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы құрылады

Қазақстанда тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы құрылады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстанда тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы құрылады. Бұл туралы бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа отырысы барысында мекеме басшысы Ермұхамет Ертісбаев мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Республикалық тілдерді дамыту үйлестіру-әдістемелік орталығын құру мәселесі пысықталуда",- деді министр. Ол, орталықты министрлік жанындағы республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығын кайта құру жолымен құру жоспарланғандығын түсіндіріп өтті.

Тілдерді дамыту орталығы тілдердің үштұғырлығын дамыту бағдарламысын тиімді жүзеге асыру мақсатында құрылмақ, деп нақтылап өтті Е. Ертісбаев. "Тілдердің үштұғырлығы" мәдени жобасын жүзеге асыру аясында Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту факторы ретінде мемлекеттік тілдің рөлін көтеру, орыс тілін білудің жоғарғы деңгейін сақтап қалу, сондай-ақ ағылшын тілін табысты меңгеру үшін жағдай жасау міндеті тұр",- деп атап көрсетті министр.

Е. Ертісбаев сондай-ақ, үстіміздегі жылы Мәдениет және ақпарат министрлігі әртүрлі ұлыс жастары арасында қазақ тілі біліміне қатысты республикалық байқау жүргізбек, деп хабарлады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны