14.09.2012, 14:03 3388

Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналар сатып алуға 550 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды

Қазақстанда ЖРВИ мен тұмаудың алдағы эпидемиялық маусымына дайындық басталды. Қазірдің өзінде жергілікті бюджет қаржысынан 549,8 млн теңгеге маусымдық тұмауға қарсы вакциналардың 800 мың дозасы сатып алынған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналар сатып алуға 550 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда ЖРВИ мен тұмаудың алдағы эпидемиялық маусымына дайындық басталды. Қазірдің өзінде жергілікті бюджет қаржысынан 549,8 млн теңгеге маусымдық тұмауға қарсы вакциналардың 800 мың дозасы сатып алынған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Биылғы жылғы 1 қазанынан бастап маусымдық тұмауға қарсы иммундаудың жаппай науқаны басталады, биыл бірінші кезекте балалар мен жүкті әйелдерге вакцина жасалады, вакцинациялау ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында аяқталады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Өткен жылы эпидемиологиялық жағдай тұрақты болды. 859 211 адам ЖРВИ-ға және 549 адам тұмауға шалдықты.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, эпидемиялық маусымда тұмауға қарсы вакциналарды сатып алу үшін республика бойынша жергілікті бюджеттерден 495 млн теңгеден астам қаражат бөлініп, 709 184 адам егілген. Олардың ішінде жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 211 164 адам (19,5%), ақылы негізде 160 655 адам (14,9%) егілді. Барлығы - 1 081 003 адам.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны