19.09.2018, 16:03 4258

Қазақстанда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердіӊ ТЖ органдары бөлімшелерімен қатысуымен "Жартас-2018" ІІІ бірлескен арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтті

2018 жылғы 10-11 қыркүйекте Қазақстан Республикасыныӊ Алматы облысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердіӊ төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және олардыӊ салдарын жою саласындағы уәкілетті органдары бөлімшелерініӊ қатысуымен "Жартас-2018" ІІІ бірлескен арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Астана. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердіӊ ТЖ органдары бөлімшелерімен қатысуымен "Жартас-2018" ІІІ бірлескен арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтті.

2018 жылғы 10-11 қыркүйекте Қазақстан Республикасыныӊ Алматы облысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердіӊ төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және олардыӊ салдарын жою саласындағы уәкілетті органдары бөлімшелерініӊ қатысуымен "Жартас-2018" ІІІ бірлескен арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Оқу-жаттығуға ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердіӊ - Армения республикасыныӊ, Беларусь Республикасыныӊ, Қазақстан Республикасыныӊ Қырғыз Республикасыныӊ, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасыныӊ төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және олардыӊ салдарын жою саласындағы уәкілетті органдарыныӊ құтқару бөлімшелері қатысты.

Оқу-жаттығудыӊ бірінші күні (ағымдағы жылғы 10 қыркүйек) оқу-жаттығудыӊ 2 кезеӊі пысықталады, оныӊ аясында командалық-штабтық ойын форматында жер сілкінісініӊ қатері мен туындау кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердіӊ құтқару бөлімшелерініӊ күштері мен құралдарыныӊ топтарын нақтылау бойынша жедел штабтыӊ жұмысы ұйымдастырылды.

2018 жылғы 11 қыркүйекте ҰҚШҰ құтқару бөлімшелерін даярлау саласындағы "Жартасты қала - Астана" базалық полигонында (Алматы облысы, Іле ауданы, Тамғалы Тас шатқалы) оқу-жаттығудыӊ практикалық бөлігі өтті.

Оқу-жаттығудыӊ 3-кезеӊі аясында авариялық-құтқару техникалары мен жабдықтарыныӊ көрмесі өтті.

Практикалық іс-қимылдарды пысықтау үшін тоғыз оқу орны анықталды, онда әртүрлі төтенше жағдайларға имитация жасалды. Ирбір орынныӊ өз мақсаты, кезеӊдері және өткізу шарттары бар.

Оқу-жаттығудыӊ аӊызы бойынша елді мекен аумағында жойқын жер сілкінісі салдарынан өнеркәсіптік ғимараттар мен құрылыстар қирады, көпір бұзылды, қауіпті және радиоактивті заттар төгілді, екінші факторларға байланысты әртүрлі өрттер орын алды, зардап шеккендер бар.

Құтқарушылар әуе кемелерін қолдану арқылы жер сілкінісі аймағына барлау, кинологиялық есептері бар арнайы белгіленген топтарды десанттау жұмыстарын жүргізді,құрылыс конструкциялары аймағында және химиялық зақымдану шарттарында авариялық-құтқару жұмыстар көрсетілді, төӊіректі газсыздандыру және зардап шеккен адамдарды арнайы тазалау жұмыстарын жүргізді.

Бұдан басқа өрттерді сөндіру және теміржол көлігінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу, зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шеккен халық үшін дала лагерін, химиялық дала зертханасын орнату және оныӊ жұмысын ұйымдастыру бойынша бірлескен іс-қимылдар пысықталды.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері, құтқару авиациясы, тікұшақ түріндегі ұшқышы жоқ ұшу аппараты, робот техникалық құрылғылар жұмылдырылды. Оқу-жаттығуға барлығы 633 өрт сөндіруші мен құтқарушы, 151 бірлік арнайы техника, 5тікұшақ қатысты.

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердіӊ құтқарушылары оқу-жаттығу барысында жойқын жер сілкінісі салдарын жою кезіндегі практикалық дағдыларды жетілідіріп қана қоймай, құтқару операцияларын жүргізу тәжірибесімен де алмасты.

Жалпы алты ел құтқару бөлімшелерініӊ маневрлері бірлескен күштер төтенше жағдайларды жою кезінде ойдағыдай өзара іс-қимыл жасауға қабылетті екенін көрсетті.

ҚР ІІМ ТЖ комитетініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны