17.05.2012, 11:59 6234

Қазақстанда заңгерлердің жаңа бірлестігі құрылады

Астанада алғаш рет Заңгерлердің республикалық съезі өтті. Жиын барысында Қазақстандағы заңгерлердің жаңа бірлестігін құру туралы идея айтылды.

Астана. 17-мамыр. Kazakhstan Today Қазақстанда заңгерлердің жаңа бірлестігі құрылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астанада алғаш рет Заңгерлердің республикалық съезі өтті. Жиын барысында Қазақстандағы заңгерлердің жаңа бірлестігін құру туралы идея айтылды.

Съезд заң ғылымы мен тәжірибесі заңгерлерін, бизнес-қоғамдастықты, , адвокаттарды, нотариустарды, сондай-ақ қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін біріктірді.

Форумның ашылуында Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасының республикалық съезд қатысушыларына арнаған құттықтау сөзін жеткізді.

"Қазақстанның Мемлекеттік Тәуелсіздігіне 20 жылдан аса уақыт өтті. Осы кезеңде қазіргі заманғы демократиялық мемлекет пен нарықтық экономиканың талаптарына жауап беретін ұлттық құқықтық жүйе қалыптасты. Қазақстандық мемлекеттіліктің заңдары мен институттарының негізін салуда заңгерлердің рөлі айрықша", - делінген Елбасының құттықтау сөзінде.

Форум барысында сөз сөйлеген Иділет министрі Берік Имашев ел Тәуелсіздігінің алғашқы 20 жылындағы Қазақстанның құқықтық дамуының қорытындылары және еліміздің заңгерлік қауымдастығы шешетін алдағы міндеттер туралы айтып өтті.

"Республикалық съездің басты мәні тәжірибелі заңгерлермен қатар, қазірде жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктер, мысалы, Сот одағын, Адвокаттар одағын және Республикалық Нотариалдық Палатаны біріктіруге мүмкіндік беретін қазақстандық заңгерлердің жаңа қоғамдастығын құруда жатыр", - деп атап көрсетті Берік Имашев.

Осыған байланысты еліміздің бірқатар құрметті және белгілі заңгерлері Иділет министрін қолдап, "Қазақстанның заңгерлер одағы" - Қазақстанның жаңа қоғамдық ұйымын құруды ұсынды. Олардың қатарында Мақсұт Нәрікбаев, Зинаида Леонтьевна, Рахмет Мұқашев, Өмірәлі Қопабаев, Дәулет Бәйделдинов, Инуар Түгелдер бар.

ҚР Иділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сөз сөйлеген заңгер-ғалымдар жаңа қоғамдық ұйымды құру қажеттігін атап өтті және жаңа қоғамдық бірлестік құрудың тұжырымдамасын, ұйым жарғысының, соның ішінде басқару органының негізгі ережелерін талқыға салды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны