09.08.2010, 12:59 3471

Қазақстанда жыл басынан бері орманды дала өртінен келген шығын 35 млн теңгеден асып жығылады

Қазақстанда жыл басынан бері орманды дала өртінен келген шығын 35 млн теңгеден асып жығылады

Астана. 9-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда жыл басынан бері орманды дала өртінен келген шығын 35 млн теңгеден асып жығылады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысы барысында төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Осы кезеңде (7-айда - агенттік ескертпесі) тілсіз жау 4 мың гектар орманды даланы шарпыған, одан келген материалдық шығын 35 млн теңгеден асып жығылады",- деп хабарлады В. Петров.

Оның ақпараттарына сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстан аумағындағы өрт қаупі күрделі қалпында қалып отыр.

"Үстіміздегі жылдың 7 айында мемлекеттік орман қорына тиесілі аумақта 363 өрт тіркелген".

Оның бағалауынша, шыққан өрт саны өткен жылдың осы кезеңінде "10 пайызға аз болса, тілсіз жау шарпыған аумақ ауданы 19 пайызға өскен".

Осыған байланысты ҚР премьер-министрі Ресей Федерациясының өрт сөндірудегі тәжірибесін зерделеуді, сонымен қатар өрт сөндіруге барынша дайындалуды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны