22.04.2016, 12:02 5034

Қазақстанда жоғарғы медициналық колледждер құрылмақ

Қазақстанныӊ 10 медициналық колледжі, оныӊ ішінде 2016 жылы 6, 2017 жылы 4 оқу орны жоғарғы медициналық колледж болып қайта құрылады. Аталған оқу орындарында фин сарапшыларыныӊ қатысуымен әзірленген "Мейіргерлік іс" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасы енгізілмек

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ 10 медициналық колледжі, оныӊ ішінде 2016 жылы 6, 2017 жылы 4 оқу орны жоғарғы медициналық колледж болып қайта құрылады. Аталған оқу орындарында фин сарапшыларыныӊ қатысуымен әзірленген "Мейіргерлік іс" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасы енгізілмек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (әрі қарай - ҚР ДСИДМ) "Мейіргерлік іс" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриатты енгізу бойынша жобаны жүзеге асыруды 2014 жылы эксперименталды тәртіпте 6 мемлекеттік медициналық колледж базасында (Астана қаласыныӊ медициналық колледжі, Көкшетау медициналық колледжі, Қызылорда медициналық колледжі, Павлодар медициналық колледжі, Республикалық орта медициналық және фармацевтика қызметкерлерін дайындау мен қайта даярлау колледжі, Батыс Қазақстан медициналық колледжі) бастады.

ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР ДСИДМ мамандары JAMK және Lahti (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университеттерініӊ әріптестерімен бірлесе отырып ҚР-дағы мейіргерлік білім беру жүйесін жетілдірудіӊ 2016-2019 жылдарға арналған жол картасын жасады.

Қолданбалы бакалавриат бағдарламасы еуропалық директиваларға сай дуалды білім беру қағидаларын қарастырады. Оныӊ ішінде оқу сағаттарыныӊ 60-70%-дан кем емес (оқу мерзімі 3,5 жыл) көлемінде білікті тәлімгердііӊ басшылығымен емханалық базада өндірістік практиканы жүзеге асыру да бар. Аталған бағдарлама ЕуроОдақ елдерінде кеӊінен таралған, сонымен қатар, практикалық әзірлігі басым жоғары білікті мейіргерлерді дайындауға бағытталған.

"Мейіргерлік іс" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат жоғарғы медициналық колледж түлектері ауруларды дәрігерге дейінгі тексеру, алдын ала диагноз қою, бейінді мамандарына консультацияға бағыттау, балалар және ересек тұрғындар патронажы, дәрігердіӊ бақылауымен дәрілік тағайындауларды жазу сынды мейіргерлік қабылдау үшін кәсіби машықтарды игеріп шыгады.

Қазіргі таӊда фин және отандық мамандар "Мейіргерлік іс" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттыӊ біріктірілген бағдарламасын әзірлеуде. Аталған бағдарлама бойынша бұдан бұрын білім алған мейіргерлер бір жарым жылдыӊ ішінде қосымша оқу арқылы өз кәсіби машықтарын дамыта алады.

Естеріӊізге сала кетейік, қазіргі таӊда Қазақстанда 26 мемлекеттік және 37 жеке медициналық колледж бар. Олар жыл сайын орта есеппен 12 мыӊ орта буын медқызметкер дайындайды. Бүгінде орта медперсонал сала қызметкерлерініӊ еӊ көп санатын құрайды, орадыӊ саны шамамен 160 мыӊ маман.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны