26.10.2018, 10:48 5509

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім": Аманғали Нұрымов

Ол Қызылорда облыстық балалар ауруханасыныӊ №1 хирургия бөлімшесініӊ меӊгерушісі, жоғары санаттағы балалар хирург дәрігері.

Қызылорда. 26 қазан. Kazakhstan Today - "Kazakhstan Today" ақпараттық агенттігі "Болашаққа бағдар: Рухани жаӊғыру" мақаласында Елбасы ұсынған "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасына қатысушыларды таныстырып отыруды ұйғарды.

Егемен елдіӊ әрбір жетістігініӊ артында алуан түрлі тағдыр тұр. Нақты адамныӊ баянды тірлігі, үлгілі өмір жолы арқылы отанныӊ келбет-көрінісі айқындалады. Ұлттыӊ алтын қорын қалыптастырып жатқан тұлғаларды таӊдайтын Қазақстандағы "100 жаӊа есім" жобасына Қызылорда облысынан үміткерлердіӊ қатарында алтын қолды дәрігер Аманғали Нұрымов бар.

Ол Қызылорда облыстық балалар ауруханасыныӊ №1 хирургия бөлімшесініӊ меӊгерушісі, жоғары санаттағы балалар хирург дәрігері.

Аманғали Тасбауұлы 1968 жылы Қазалы ауданында туған. М.Оспанов атындағы БҚММА-ныӊ педиатрия факультетін бітірген. 1994-1997 жылдар аралығында Байқоӊыр қаласындағы балалар емханасында балалар хирургі мамандығы бойынша жұмыс жасаған. 1997 жылы Қызылорда қаласыныӊ облыстық медицина орталығына балалар хирургі, 2008 жылдан бастап балалар хирургия бөлімініӊ бөлім меӊгерушісі болып, 2017 жылдан бастап облыстық балалар ауруханасында жоспарлы хирургия бөлімініӊ меӊгерушісі қызметтерін атқаруда. Санитарлы авиация бағытында көмек көрсетеді.

Дәрігер облыстыӊ медицина саласына ерекше үлес қосып келеді. Оны әріптестері тәріжибесі мол әрі іскер басшы ретінде сыйлайды. Еӊбек жолындағы 23 жыл ішінде халық денсаулығын қорғауда аянбай еӊбек етіп, халықтыӊ алғысына бөленіп келеді. Кейінгі жастарға өз білген-түйгенін үйретуден аянбайтын тәлімгер.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны