22.10.2018, 14:59 4667

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасыныӊ екінші кезеӊіне қатысушы Райхан Наукеев

Солардыӊ бірі -"Қазақстандағы 100 жаӊа есім" ұлттық жобасыныӊ ІІ кезеӊіне үміткер ретінде тіркелген қызылордалық Райхан Наукеев.

Қызылорда. 22 қазан. Kazakhstan Today -"Kazakhstan Today" ақпараттық агенттігі "Болашаққа бағдар: Рухани жаӊғыру" мақаласында Елбасы ұсынған "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасына қатысушыларды таныстырып отыруды ұйғарды.

Солардыӊ бірі -"Қазақстандағы 100 жаӊа есім" ұлттық жобасыныӊ ІІ кезеӊіне үміткер ретінде тіркелген қызылордалық Райхан Наукеев.

Ол дене тәрибиесінен дәріс беретін білікті маман. Шәкірттері республикалық қана емес, халықаралық сайыстарда жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр.

Райхан Тәуекелұлы Шымкент қаласындағы Оӊтүстік Қазақстан педагогикалық институтыныӊ дене шынықтыру факультетінде оқыған. 1984-1986 жылдары әскер қатарында болып, 1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль АЭС-ніӊ апаты зардаптарын жоюға қатысқан. Р.Нәукеев 1988-1989 жылдары Арал ауданы, Қарақұм кеӊшарындағы №59 қазақ орта мектебінде алғаш еӊбек жолын бастаған, Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтыныӊ дене шынықтыру факультетінде оқытушы болып еӊбек еткен. Жиырма жылдан бері №235 қазақ орта мектебінде дене тәрбиесі пәні мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Тәжірибелі ұстаз заман талабына сай оқытудыӊ жаӊа технологияларын тиімді пайдаланып, облыс көлемінде жоғары жетістіктерге жетіп жүр. Ол аймақтағы орта мектептерде ұлттық асық ату, тоғызқұмалақ, ләӊгі тебу, батпан көтеру, аударыспақ сайыстарын ұйымдастыруда белсенділік танытып жүр.

2014 жылы Р.Нәукеев "Дене тәрбиесі құралдары арқылы адамгершілік қасиеттердіӊ қалыптасуы" атты әдістемелік нұсқаулығын шығарды. Осы жылы Көкшетау қаласында өткен "Еӊ үздік дене шынықтыру пәнініӊ мұғалімі-2014" сайысында "Ұлттық ойынды дамыту" тақырыбында ашық сабақ өтіп, жүлделі 2-орынды иеленеді.

Р.Нәукеевтіӊ шәкірттері жеӊіл атлетика түрінен республика көлемінде жүлдегер атанып, мектеп абыройын асқақтатуда. Атап айтар болсақ, Азия ойындарыныӊ чемпионы А.Құлдас, халықаралық ойындар чемпионы Қ.Жалғас сынды шәкірттері жеӊіс тұғырынан көрініп жүр. Асық ату ұлттық ойынынан республикалық сайыстарда шәкірттері І.Өтетілеуов, И.Бақтияр жүлделі орындар алған. Райхан Тәуекелұлы ұлттық ойындарды белсенді насихаттаушы және түрлі деӊгейдегі сайыстардыӊ ұйымдастырушысы.

Ол ұстаздық еӊбек жолындағы табыстары үшін ҚР Білім және ғылым министрініӊ "Құрмет" грамотасымен марапатталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны