19.07.2007, 12:54 2743

Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілге соттың шешімдеріне қатысты шағымдар көп түседі

АСТАНА. 19 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілге соттың шешімдеріне қатысты шағымдар көп түседі. Бұл туралы омбудсмен Болат Байқадамов бүгін баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Екінші тоқсанда біз 436 адамнан жазбаша және 968 адамнан ауызша шағым алдық", - сказал Б. Байқадамов. Оның айтуынша, шағымдардың басым бөлігі сот шешімдерімен келіспеушілікке (18,4%), құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне немесе әрекетіне (15%) байланысты. Тұрғын үй құқығының бұзылуына байланысты шағымдар саны екі есе артқан (12,7%).

Б. Байқадамовтың айтуынша,шағымдадрың басым бөлігі Астанадан (15%), Ақмола облысынан (13,43%), Алматы облысынан (10,6%), Шығыс Қазақстан облысынан (8,4%), Шығыс Қазақстан облысынан (6,25%), Алматыдан (8,75%) келген.

"Өндіріске қабылданған істердің 18,4% оң шешімін тапты. 2,6% жағдайда өтініш иесінің құқығы толыққанды қалпына келтірілмеген. 8 оқиға бойынша құқық бұзушылыққа қатысы бар лауазым иесінің жаза жүктегені туралы ақпарат алынған", - деді Б.Байқадамов. Оның айтуынша, олардың арасында сот орындаушылары, қаржы полициясының, жетімдер үйінің және басқа да құрылымдардың қызметкерлері бар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны