04.04.2007, 14:51 4353

Қазақстандағы орыс православиелік шіркеуінің дінбасы Пасха қарсаңында христиандарды мерекемен құттықтады

АЛМАТЫ. 4-сәуір. Kazakhstan Today. Алдағы жексенбі, 8- сәуірде дүниежүзінің православиелік христиандары өздерінің басты мерекесі Пасханы - Христостың қайта тірілген күнін атап өтеді. Бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық христиандарды Астана және Алматы митрополиті Мефодий құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мен барша қазақстандықтарды осынау бейбітшілік пен ырыс әкелетін сәулелі мерекемен шын жүректен құттықтағым келеді",- деді Қазақстандағы орыс православиелік шіркеуінің дінбасы.

Митрополит Мефодийдің хабарлауынша, 8-сәуірге қараған түні барлық православиелік шіркеулерде мерекелік құлшылық салтанаттары өтеді. "Дәстүрге сай құдайға басты мінажат ету шарасы Алматыдағы Свято-Вознесенский кафедралық соборында өтеді. Түнгі сағат 12- де крестілі шеру басталып, түн бойғы салтанатты мінажат ету шарасы мен литургия өтеді",- деді ол.

Митрополиттің айтуынша, 8-сәуір күні кешке Алматыдағы Свято-Вознесенский кафедралық соборында бас архиерей қаладағы діндарлар мен дін басыларды қасиетті Пасхамен құттықтайды.

Сонымен бірге 13-сәуірде Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында Астана және Алматы епархиясы мен Қазақстандағы орыс, славян және казактар қауымдастығы бірлесе ұйымдастырған Пасхаға арналған мерекелік концерт өтеді.

Бірінші Бүкіләлемдік собордың канонына сәйкес, Пасха көктемгі ай толғаннан кейінгі бірінші жексенбіде, иудалық пасхадан кейін, жаңа үлгіде 4-сәуір мен 8-мамыр аралығында тойлануға тиіс.

Пасханың алдында 7 аптаға созылатын Ұлы ораза ұсталады. Страстная деп аталған оразаның соңғы аптасы ең қатал сақталуға тиіс. Пасха бір аптаға созылады, сол себепті бұл аптаны пасха аптасы деп атайды.

Мерекенің бірінші күні, Пасхадағы Христос тірілген күн дінге сенушілер шіркеулерге барып, бір-бірімен "Христос воскрес! - Воистину воскрес!" деп амандасады. Пасхадағы мерекелік дастархан мәзіріне боялған жұмыртқалар, куличтер мен пасхалар қойлады. Оларды дастарханға берерден бұрын шіркеулерде аластайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны