21.07.2015, 18:03 3416

Қазақстандық әскери дәрігерлердіӊ штаты жас мамандармен толықтырылды

Қазақстандық әскери дәрігерлердіӊ қатары жас мамандармен толықты. "Астана" өӊірлік қолбасшылығына қарасты "Спасск" оқу-жаттығу орталығында Қарағанды медициналық университеті оқу ротасыныӊ 60 курсанты салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Олар әскери анттыӊ мәтінін оқып, осы сәттен бастап "лейтенант" әскери атағында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ қатарына ресми түрде кірді

Астана. 21 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстандық әскери дәрігерлердіӊ қатары жас мамандармен толықты. "Астана" өӊірлік қолбасшылығына қарасты "Спасск" оқу-жаттығу орталығында Қарағанды медициналық университеті оқу ротасыныӊ 60 курсанты салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Олар әскери анттыӊ мәтінін оқып, осы сәттен бастап "лейтенант" әскери атағында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ қатарына ресми түрде кірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштеріне кіруге бел буған азаматтар әскери ант қабылдайды және Отанына, халқына және Елбасымызға серт береді. Бүгін барлықтарыӊыз үлкен жауапкершілік артып, туған елдеріне адалдықпен, абырой және батылдықпен қызмет етуге уәде бердіӊдер. Искери ант қабылдау әрбір бозбаланыӊ өміріндегі маӊызды сәті. Еліміздіӊ қайсар, әрі бетке ұстар қорғаушылары болыӊдар, ата-аналарыӊ мен туған-туысқандарыӊныӊ үкілеген үмітін ақтаӊдар", - деді жоғары оқу орны әскери кафедрасыныӊ бастығы медициналық қызметініӊ полковнигі А. Мұхаметжанов. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жас жеткіншектердіӊ көбісі өздерін Қазақстан Қарулы Күштерініӊ қатарында көретіндерін атап өтті. Жақын арада отандық әскери медицина мен жалпы қазақстандық армияныӊ дамуына үлес қосу үшін еліміздіӊ әскери медициналық мекемелеріне аттануды жоспарлар отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны