13.02.2015, 22:10 4193

Қазақстандық әскери қызметшілер қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарға баға берді

ҚР Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер Бас штабы құрылымдық бөлімшелерініӊ басшылары әлемде орын алып отырған оқиғаларды талқылап, түрлі елдерде қанат жайып отырған қазіргі қарулы қақтығыстарға объективті баға берді

Астана. 13 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер Бас штабы құрылымдық бөлімшелерініӊ басшылары әлемде орын алып отырған оқиғаларды талқылап, түрлі елдерде қанат жайып отырған қазіргі қарулы қақтығыстарға объективті баға берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қорғаныс министрініӊ бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабыныӊ бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов: "Соӊғы онжылдықтар ішіндегі барлық әскери жанжалдардыӊ классикалық үлгіден өзгеше өрбуі бұл тақырыптыӊ өзектілігін айқындайды. Теория мен практика арасындағы алшақтық күн сайын анық байқалып келеді. Осыған байланысты қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардыӊ жай-күйін тереӊ қарастырып, бағалау керек және өз көзқарасымызды қалыптастыру қажет", - деп атап өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұл мәселелер Қазақстан Республикасыныӊ тұӊғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде өткен "Қазіргі заманғы соғыстар. Жаӊа буын соғысыныӊ стратегиясы" атты ғылыми-теориялық конференция барысында талқыланды.

Конференция барысында қазіргі заманғы соғыстарды зерттеу кезінде күнделікті қолданысқа еніп отырған "гибрид соғыстар" (қақтығыс аймағы тұрғындары арасында, тылдағы тұрғындар арасында жәна халықаралық қауымдастыққа бағытталға іс-әрекеттер жасау), "бұлыӊғыр қарсылас" (іс-қимылдары мемлекетте экономикалық коллапс пен гуманитарлық апат тудыруға бағытталған шағын бөлімшелер) сияқты және т.б. жаӊа түсініктер ортаға салынды.

"Конференция нәтижесі әскери өнерді әрі қарай дамытуға айтарлықтай үлес косады, сіздердіӊ көзқарастарыӊыз бен ұсыныстарыӊыз мемлекетіміздіӊ әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы бірлескен қызметімізде ескерілетін болады", - деді генерал-полковник Сәкен Жасұзақов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны