11.04.2018, 16:43 3994

Қазақстандық дәрігер Ресейге барып, жоғары мамандандырылған оталар жасап қайтты

Доктор В. Землянскийдіӊ айтуынша, қолқа аневризмасы - қауіпті дерт. Ол қандай да бір патологияныӊ салдарынан қолқа қабырғаларыныӊ созылып немесе жіӊішкеріп кетуінен пайда болады. Қолқа аневризмасы - өлімге әкеп соғуы мүмкін барынша қатерлі аурудыӊ бірі

Астана. 11 сәуір. Kazakhstan Today - "UMC" корпоративтік қорыныӊ Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығыныӊ Интервенциялық рентгенхирургия бөлімшесініӊ меӊгерушісі Виктор Землянский Ресейге барып, қолқа аневризмасын қалпына келтірудіӊ кіші инвазивті әдістерін қолдана отырып, оталар жасап қайтты. Бұл оталар Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медициналық университетінніӊ және Қазан федералдық университетініӊ клиникаларында жасалды.

Рентгенхирургтердіӊ бірлескен жұмысыныӊ нәтижесінде қолқаныӊ ішперделік бөлімініӊ аневризмасы диагнозы қойылған 6 пациентке ота сәтті жасалды. Бұл аневризманыӊ жарылып кетуініӊ алдып алып, науқастарға қалыпты өмір салтына оралуға мүмкіндік берді.

Доктор В. Землянскийдіӊ айтуынша, қолқа аневризмасы - қауіпті дерт. Ол қандай да бір патологияныӊ салдарынан қолқа қабырғаларыныӊ созылып немесе жіӊішкеріп кетуінен пайда болады. Қолқа аневризмасы - өлімге әкеп соғуы мүмкін барынша қатерлі аурудыӊ бірі. Оған шалдыққан науқас көп уақыт өзініӊ ауру екенін де сезбейді. Қолқа - адам ағзасындағы еӊ ірі тамыр. Онда пайда болған үлкен аневризма жарылып кеткен жағдайда науқас санаулы минуттардыӊ ішінде қайтыс боп кетеді немесе қатты қан ағуы салдарынан ауыр жағдайға душар болады.

"UMC" корпоративтік қорыныӊ Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығында қолқаныӊ түрлі бөлімдерін кіші инвазивті жолмен эндотротездеу оталарын жасауда үлкен тәжірибе бар. В.Землянский тамырішілік заманауи құрал - "стенд-графтты" пайдаланып, қолқаға 300-ден астам кіші инвазивті операция жасаған.

Айта кететін жайт, Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығында аталған жоғары мамандандырылған емдеу әдісі еліміздіӊ барлық азаматтары үшін қолжетімді. Ол мемлекет бюджеті есебінен тегін жасалады, сонымен қатар ақылы медициналық қызмет көрсету аясында көрсетіледі.

"UMC" КҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны