02.09.2011, 16:20 6425

Қазақстандық дәрігерлер алғаш рет жүрек, бауыр және ұйқы безінің трансплантациясын жасайды

Хирургия орталығының ақпаратына сәйкес, органдар трансплантациясы бойынша үш операция қараша айының басына жоспарланып отыр.

Астана. 2-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстандық дәрігерлер алғаш рет жүрек, бауыр және ұйқы безінің трансплантациясын жасайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту мақсатында органдар трансплантациясы бағдарламасын әзірлеп жатыр және Қазақстанда алғаш рет жүрек пен бауырды ауыстыру операциясын жасауды жоспарлап отыр. Бұл туралы жұма күні таратылған ақпаратта көрсетілген.

Хирургия орталығының ақпаратына сәйкес, органдар трансплантациясы бойынша үш операция қараша айының басына жоспарланып отыр.

Ақпаратта айтылғандай, 1 млн адамның 10-ы жүрек трансплантациясын қажет етеді.

"Демек, Қазақстанда жылына 150-160 жүрек ауыстыру операциясын жасау керек. (...) Илемдік масштабта бауыр трансплантациясы жасалу жиілігі бойынша екінші трансплантациялық операция болып табылады. Операциядан кейін науқастардың 90% ары қарай өмір сүреді. Ұйқы безінің трансплантациясы - инсулинге тәуелді қант диабетіне шалдыққандардың гликемия деңгейін тұрақтандырудың жалғыз әдісі", - делінген ғылыми орталықтың ақпаратында.

Сондай-ақ, трансплантация жағдайы - бұл елдегі медицинаның интегральды көрсеткіші, делінген ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны