31.01.2014, 18:19 26517

Қазақстандық делегация Уфаның мұнай университетін аралады

ҚР Мұнай және газ министрлігі хабарлағандай, Қазақстандық делегацияның Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің ұжымымен кездесу барысында болашақтағы ынтымақтасық туралы әңгіме қозғалды.

Алматы. 31 қаңтар. Kazakhstan today. Құрамында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин, Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов, және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Рашид Ахметов бар қазақстандық делегация Башқұртстанның елордасы Уфаға жұмыс сапармен барып қайтты.

ҚР Мұнай және газ министрлігі хабарлағандай, Қазақстандық делегацияның Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің ұжымымен кездесу барысында болашақтағы ынтымақтасық туралы әңгіме қозғалды.

Басты тақырыптардың бірі болып біріккен оқу процессін ұйымдастырудың мүмкіндіктері талқыланды. Бүгінде осы жоғары оқу орнында 300-ге жуық қазақстандықтар білім алуда.

"Қазақстандық студенттердің бірінші тобы УММТУ-ға 1964 жылы келген, сол уақыттан бері елу жыл өтті. Тоқсаныншы жылдардың басында қиындау болатын, ол кездері бұл оқу орнында не бәрі жеті қазақстандық бала оқитын. Алайда одан бері біраз алға ілгерушілік байқалады", - деді Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов.

УММТУ ректоры Айрат Шаммазовтың айтуынша, оқу ордасы көрші мемлекеттен мыңға дейін студенттерді қабылдай алады.

Өз кезегінде ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин Қазақстанның мұнай газ саласының қарқынды дамуын тілге тиек етті

"Бұл саланың жабдықталуы үнемі жаңартылуда, сондықтан білімді мамандар үлкен сұранысқа ие. Ал, Уфа университетінің түлектері өндірісте өте қажет болады", - деді Ұ. Қарабалин.

Айта кетерлік жайт, кездесу аясында УММТУ ректоры Айрат Шаммазовты Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты - 2 дәрежелі Достық орденімен марапаттау рәсімі өткізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны