13.10.2009, 13:57 3162

Қазақстандық медиа менеджерлерінің дағдарысқа қарсы кеңесі Бұқаралық ақпарат құралдарын ҚҚС-ынан босатуды ұсынуда - телеарна

Қазақстандық медиа менеджерлерінің дағдарысқа қарсы кеңесі Бұқаралық ақпарат құралдарын ҚҚС-ынан босатуды ұсынуда - телеарна

Алматы. 13 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда қазақстандық медиа менеджерлерінің дағдарысқа қарсы кеңесі құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Хабар" агенттігіне сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, кеңестің алғашқы отырысына келген ақпарат құралдарының жетекшілері Бұқаралық ақпарат құралдары өз дамуында мемлекет тарапынан жіті қадағаланып, үлкен қолдауды қажет етеді деген пікір айтты.

Кеңестің мақсаты - отандық Бұқаралық ақпарат құралында қалыптасқан экономикалық, құқықтық мәселені қорғау. Медиа менеджерлерінің дағдарысқа қарсы тұңғыш рет құрылған кеңесіне мемлекеттік және жекеменшік ақпарат құралының 30-ға тарта жетекшісі мүше болды. Жиында қаралған алғашқы мәселе жарнама нарығының 50 пайызға дейін азайғандығы, бұл бұқаралық ақпарат құралының жұмысына айтарлықтай кедергі келтіруде. Бұл ретте БАҚ-тарды қосымша құн салығынан босату қажет, қазір оның мөлшері 13 пайыз, егер жаңа жылдан бастап бұл ұсынысты Үкімет қолдайтын болса әрбір ақпарат құралы өз қаражатын 120 млн долларға дейін үнемдей алады, дейді кеңес мүшелері.

"Егер мұны қазірден бастап қолға алмасақ, біздің қатысуымызсыз алдағы жылдың бюджеті қабылданып, қосымша құн салығының көлемі келесі жылы тура осындай көрсеткіште қалып қояды. Сондықтан, дұрыс шешімді қадам жасамасақ, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы күрделене түседі деп ойлаймын",- деді "Нұр-медиа" холдингінің бас директоры, кеңес төрағасы Арманжан Байтасов.

"Хабар" Агенттігі" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Сахариянов былай дейді:

"2005 жылы үкімет БАҚ-на көрсетілетін жеңілдіктерді алып тастағаны белгілі. Енді үкіметтен әлемдік дағдарыстың беті қайтқанша белгілі бір уақытқа қосымша құн салығынан босатуды сұраудамыз. Бұл әрекет әрине, жарнама нарығы 50 пайызға азайған тұста БАҚ-дың өндірістік қуатын әлдеқайда жақсартуға әжептәуір көмек".

Сондай-ақ, авторлық және аралас құқықтар туралы заңды қатайту, мерзімді баспасөзді таратуды кеңейту де сөз болды. Исіресе, қазақ тілді басылымдар мәселесі, оларға расында демеу керек, өйткені, таралымы азайып бара жатқандары да бар,-дейді баспасөз жетекшілері.

"Менің ойымша, жалпы мұндай кеңес қажет деп ойлаймын. Өйткені, біздің мәселелеріміз өте өткір. Мұндай мәселеге мемлекеттік тұрғыдан арласу керек. Халық БАҚ-ты бізде жазылып алады, екінші сатып алады. Сатып алу жағына келген кезде қалалы жерлерде, ірі облыстық орталықтарының бәрінде де сату арқылы жүреді. Осы мәселеге келгенде өте үлкен проблема тұр. Осыны қазір әріптестерім ортаға салып айтып жатыр, түбі шешілу керек деп ойлаймын",-деді "Айқын" газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп.

Осы айтылған бірқатар мәселені тізіп шыққан кеңес мүшелері оның шешім табуына көмек сұрап, ел Үкіметіне ашық хат жолдады. Және кеңес отырысы алдағы уақытта тұрақты түрде өтіп тұрмақ, делінген телесюжетте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны