08.12.2012, 09:23 1862

Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер Кореяда тағылымдамадан өтеді

Бүгін Астанада мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары мен аппарат басшыларына арналған Нидерланды және АҚШ аға (жоғары) қызметтің қызмет ету тәжірибесін зерттеу бойынша семинар өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан шетелдік елдердің мемлекеттік аппараты жұмысының тәжірибесін зерттеп жатқандығы туралы ҚР Мемлекеттік қызметі істері агенттігінің төрағасы Илихан Бәйменов айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Астана. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер Кореяда тағылымдамадан өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Астанада мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары мен аппарат басшыларына арналған Нидерланды және АҚШ аға (жоғары) қызметтің қызмет ету тәжірибесін зерттеу бойынша семинар өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан шетелдік елдердің мемлекеттік аппараты жұмысының тәжірибесін зерттеп жатқандығы туралы ҚР Мемлекеттік қызметі істері агенттігінің төрағасы Илихан Бәйменов айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Елбасы мемлекеттік қызметті кәсібилендіруге баса назар аударатын әкімшілік реформаның қазіргі кезеңінде жауапты хатшылар, департамент директорлары маңызды рөл атқаратындығы сөзсіз, сондықтан қазір Президент Икімшілігімен бірігіп әлеуметтік-экономикалық дамуда үлкен жетістіктерге қол жеткізген әлемнің жетекші мемлекеттерінің үздік өкілдерін шақыру арқылы семинарлар, конференциялар сериясын ұйымдастыратын боламыз", - деді Бәйменов.

Ол мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет реормаларының призмасынан осы елдердің жетістіктерне не себеп болғанын өз ауыздарынан естуі үшін дамыған елдерден жетекші ғалымдар мен практиктерді шақыру бойынша жұмыс жалғастырылатынын атап өтті.

"Бүгін ғана мен Кореядан келдім, онда мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өтті. Кореямен мемлекеттік қызметкерлермен алмасу, білім беру бағдарламаларымен алмасу, сондай-ақ тағылымдама жөніндегі келісім жасалады", - деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны