21.04.2016, 15:25 4825

Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қолдану 2016 жылғы мамыр айынан басталады

ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі (әрі қарай - ҚР ДСИДМ) ағымдағы жылғы мамыр айынан бастап пациенттер мен дәрігерлер үшін еркін қолданыстағы тегін электронды Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қолданысқа енгізеді. Бұл туралы бүгін министрлікте өткен брифингте ҚР ДСИДМ Вице-министрі Алексей Цой мәлімдеді

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі (әрі қарай - ҚР ДСИДМ) ағымдағы жылғы мамыр айынан бастап пациенттер мен дәрігерлер үшін еркін қолданыстағы тегін электронды Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қолданысқа енгізеді. Бұл туралы бүгін министрлікте өткен брифингте ҚР ДСИДМ Вице-министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр пациенттерді емдеу нәтижелерін жақсарту және денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне дәрілік заттар туралы өзекті, толыққанды, шынайы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жасалды. Биылғы жылдыӊ мамыр айынан бастап ҚҰФ барлық азаматтар үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде www.knf.kz сілтемесі арқылы жұмыс істейтін болады", - деп хабарлады ол.

Сонымен бірге, Алексей Цой қазіргі таӊда ҚҰФ құрамына 644 халықаралық патенттелмеген дәрілік заттардыӊ атауы мен клиникалық тиімділігі дәлелденген 2 мыӊға жуық сауда атаулары кіреді. Оны жасау барысында еӊ үздік халықаралық тәжірибе, фармакотерапияны жүргізудіӊ дәлелді негізделген тәсілдері, клиникалық және экономикалық тиімді, қауіпсіз дәрілік заттарды тұтыну дәрежесін зерттеу мәліметтері, әрбір ауруды емдеу курсыныӊ бағасы туралы ақпарат қолданылды.

"ҚҰФ құрамына енген дәрілік заттардыӊ тізімі тұрақты түрде жаӊартылып отыратын болады. Бұл дәрілік заттарды тағайындайтын дәрігерлерге жаӊа тіркелген медициналық препараттар туралы, олардыӊ кері әсері жайында ақпаратты уақытылы алуға, дәрілердіӊ мөлшерлемесін белгілеу бойынша шешімдерін растауға, тиімді емдеу курсын тағайындауға көмектеседі", - деп айтты ҚР ДСИДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасыныӊ м.а. Лариса Пак.

ҚҰФ-ты әзірлеуге Дүниежүзілік Банк сарапшылары, Еуропа мен Жаӊа Зеландиядан келген халықаралық кеӊесшілер, сонымен қатар, әлемде үздік болып саналатын Британдық ұлттық дәрілік формулярды жасаған Дункан Энрайт қатысты. Оныӊ пікірінше, ҚҰФ - азаматтарды емдеу нәтижелерін жақсартумен қатар, дәрілік заттарды барынша тиімді сатып алу арқылы бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретін бірегей жоба.

"Біздіӊ халықаралық сарапшылар командасы өзге де жобаларды әзірлеуге қатысты, оныӊ ішінде осы тәріздес алғашқы ресурс - Британдық дәрілік формуляр да бар. Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр - тек білімніӊ жаӊа көзі ғана емес, сонымен қатар, барлық формулярлық жүйені күшейту, медициналық дәлелдемелерді қолдануға ықпалдасу сынды мақсаттарға жетуді көздейтін бірінші жаӊа формуляр болып табылады. Бүгінгі таӊда ол Орталық Азиядағы, тіпті, мүмкін бүкіл әлемдегі алдыӊғы қатарлы дәлелдемелік ақпарат көзі болып отыр деуге толық негіз бар", - деп пікір білдірді Дункан Энрайт.

Өз кезегінде Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр орталығыныӊ жетекшісі Талғат Нұрғожин ҚҰФ бәсекелестік ортаны кеӊейтуге, дәрілік заттарды сатып алудағы қаржылық адалдықты, сонымен қатар, дәрілік қамтамасыз етудіӊ пациентке бағдарланған моделі негізінде препараттарды таӊдау мүмкіндігін беретініне сенімді.

"ҚҰФ тек дәрігерлер үшін ғана емес, еліміздіӊ барлық азаматтары үшін ауқымды анықтамалық болмақ. Сондай-ақ, ол әрбір медициналық ұйымға өзініӊ дәрілік формулярын құруға, дәрілердіӊ бағасы мен бағдарына қарай бюджетті дұрыс жоспарлауға жәрдемдеседі", - деді ол.

Дәрілік заттардыӊ шектік бағасын анықтау мен оны әрі қарай ҚҰФ-қа енгізу мақсатында баға белгілеу қағидаларыныӊ жаӊа үлгісі енгізілді. Ол референтті баға белгілеу қағидаларына (ішкі және сыртқы), фармөндірушілер және олардыӊ ресми өкілдерімен тікелей келіссөздер жүргізу және бағаларды тіркеу процестеріне негізделген.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны