21.08.2012, 14:39 3498

Қазақстандық ЖОО басшыларының біліктіліктерін арттыру бағдарламасы басталды - баспасөз баяны

Біліктілікті арттыру курстары Елбасының Назарбаев Университеті тәжірибесін елдің ЖОО-да енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде ұйымдастырылды. Қазақстандық ЖОО-дың 20 ректоры мен проректоры жоғары білім жүйесінде әлемдік деңгейдегі топ-менеджер болу үшін оқудан өтеді.Бағдарлама бірнеше кезеңдерден тұрады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Назарбаев Университетінде "Жоғары оқу орындарының автономия жағдайында бірлескен басқарудың таңдаулы тәжірибелері" атты ЖОО басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы басталды.

Біліктілікті арттыру курстары Елбасының Назарбаев Университеті тәжірибесін елдің ЖОО-да енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде ұйымдастырылды. Қазақстандық ЖОО-дың 20 ректоры мен проректоры жоғары білім жүйесінде әлемдік деңгейдегі топ-менеджер болу үшін оқудан өтеді.Бағдарлама бірнеше кезеңдерден тұрады.

Сонымен қатар, олар 20-21 тамызда өтетін Жоғары білім беру саласының көшбасшыларының Еуразиялық форумының жұмысына қатысады. Форумда, шетелдегі білім беру саясаты бойынша кеңесші болып істейтін жетекші ғалымдар сөз сөйлеп, оқу орнын басқарудың ерекшеліктері жөнінде дискуссиялық алаңдар ұйымдастырылады.

Оқу орны әкімшілігінің біліктілігін дамыту бағдарламасы стратегиялық жоспарлау және бюджеттеу мәселелерін, университеттің Қамқорлық Кеңесі, автономия жағдайында оқу орнын басқару және академиялық еркіндігі, университет дамуындағы басымдықты айқындауды және түрлі ресурстарды пайдалану мен таратудағы мақсаттылықты, қазіргі заманғы оқы орны жетекшілерінің құзыреттілігін дамытуға қажетті басқа да мәселелерді қамтиды.

Бағдарламаның авторлары және үйретушілері арасында - Роберт Земски, Мэтью Хартли, Джонни Финни, Алан Руби, Блэйк Ноутон, Дайэн Эйнон, тағы басқа Пенсильвания Университетінің ғалымдары бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны