23.02.2015, 21:35 3849

Қазақстандықтар мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындауға құжаттарды "бір терезе" қағидасы бойынша өткізе алады

2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап мүгедектікті белгілеу, әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және қосымша әлеуметтік қолдауды рәсімдеу бойынша қызметтер ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ медициналық-санитариялық қызметініӊ "бір терезе" жүйесі арқылы көрсетілетін болады

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап мүгедектікті белгілеу, әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және қосымша әлеуметтік қолдауды рәсімдеу бойынша қызметтер ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ медициналық-санитариялық қызметініӊ "бір терезе" жүйесі арқылы көрсетілетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Илеуметтік-еӊбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оӊтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасына сәйкес азаматтардыӊ еӊбекке қабілеттілігінен айырылу деӊгейін алғаш рет анықтау кезінде мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға және еӊбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда Илеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан әлеуметтік төлемдерге өтінімді тікелей медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне өткізе алады.

Осылайша, өтінім беруші аталған мемлекеттік қызметтерді бір жерден ала алады. Мүгедектігі алғаш белгіленген қазақстандықтарға, оныӊ ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа (ЗТМО) немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) қосымша хабарласудыӊ қажеті жоқ.

Сонымен қатар, бұған дейін алған мүгедектік туралы анықтамасы бар азаматтар еӊбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындауға өтінімді ЗТМО немесе ХҚКО-на бере алады.

Ағымдағы жылғы 17 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен кеӊейтілген алқа мәжілісінде министр Т.Дүйсенова ҚР ДСИДМ мамандары денсаулық сақтау және әлеуметтік-еӊбек салаларында ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға күш салатынын мәлімдегенін естеріӊізге саламыз.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны