18.04.2016, 13:53 3570

Қазақстандықтардыӊ спорт залдарына сұранысы 43% құрайды - ҚР МСМ

Қазақстан спортыныӊ болашағы үшін жасөспірімдер спорт мектебі, мамандандырылған жасөспірімдер мектебі жүйесініӊ дамуы өте маӊызды. Олардыӊ саны жалпы 439 бірлікті құрайды. Бұларда 300 мыӊ оқушы спортпен шұғылданады.

Астана. 18 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстандықтардыӊ спорт залдарына сұранысы 43%-ды құрайды, деп мәлімдеді ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Талдау нәтижелері көрсеткендей, халықтыӊ спорт залдарына сұранысы шамамен 43%-ды құрайды", - деді А.Мұхамедиұлы, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Министрдіӊ айтуынша, ауылдағы тұрғындардыӊ тек 25% ғана арнайы залдарда дене шынықтырумен және спортпен айналысуға мүмкіндігі бар.

"Жалпы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде 36 мыӊ спорт ғимараттары бар, оныӊ ішінде 24,5 мыӊ спорт нысандары білім беру мекемелеріне қарасты болып табылады. Спорт мектептеріндегі 1,5 мыӊнан астамы және 9 мыӊнан астам нысан ғана дене шынықтыру-спорттық мақсаттағы нысандарға жатады", - деп мәлімдеді министр.

Ведомство басшысы түсіндіргендей, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері спортпен айналысудыӊ қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін көбіне жекелеген аудан орталықтарында салынып жатыр.

Министрдіӊ пікірінше. Қазақстан спортыныӊ болашағы үшін жасөспірімдер спорт мектебі, мамандандырылған жасөспірімдер мектебі жүйесініӊ дамуы өте маӊызды. Олардыӊ саны жалпы 439 бірлікті құрайды. Бұларда 300 мыӊ оқушы спортпен шұғылданады.

Министрдіӊ айтуынша, бүгінгі таӊда мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында спорт клубтары мен жасөспірімдер спорт мектептерін кеӊейтуге, оларды спорт залдармен қамтамасыз етуге, қажетті қондырғылар орнатуға мүмкіндік бар.

"Біз жергілікті органдар және Білім және ғылым министрлігімен бірігіп, спорт мектептері мен секцияларды ашу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі таӊда қазақстандық мектептерде 38 мыӊ спорт секциясы жұмыс істейді. Онда оқушылардыӊ 27 пайызы шұғылданады", - деді министр.

Ведомство басшысыныӊ айтуынша, барлық мектептерде, әсіресе ауылдық жерлерде спорт залдарыныӊ жетіспеуінен спорт секциялары ашылды. Қиындықтарға қарамастан МСМ мен Білім және ғылым министрлігі балалар-жасөсіпірімдер спортын дамыту бойынша шаралар қабылдауда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны