30.06.2010, 11:15 5085

Қазақстанға данқты боксшы Майк Тайсон келді

М. Тайсон Astana экшн-фильмдер фестивалінің ашылуына бір күн қалғанда келді. Спортшы өзінің ауыр тағдырынан сыр шертетін "Майк" атты биографиялық көркем фильмін ұсынбақ.

Алматы. 30-маусым. Kazakhstan Today Данқты боксшы Майк Тайсон зайыбы Лакимен және екі жасар қызы Миланмен бірге Қазақстанға келді. Боксшы мен оның отбасын атақты режиссер Тимур Бекмамбетов шақырған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "Eurosmi.ru" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

М. Тайсон Astana экшн-фильмдер фестивалінің ашылуына бір күн қалғанда келді. Спортшы өзінің ауыр тағдырынан сыр шертетін "Майк" атты биографиялық көркем фильмін ұсынбақ.

"Қазақстан" киноконцерт залының алдында каскадерлық әдістердің қойылымы ұйымдастырылды. Онда спортшы сыйлы қонақ болды. Сондай-ақ, ол Бурабай табиғи қорығына саяхатқа ризашылықпен аттанды.

М. Тайсон (АҚШ-ның Нью-Йорк қаласының Бруклин ауданында 1966 жылдың 30 маусымында дүниеге келген) америкалық атақты кәсіпқой боксшы, WBC (1986 - 1990, 1996 жылдар), WBA (1987 - 1990, 1996 жылдар) және IBF (1987 - 1990 жылдар) версиялары бойынша ауыр салмақтағы бұрынғы абсолюттік әлем чемпионы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны