08.04.2013, 09:51 3999

Қазақстанға халықтың өмір сүру ұзақтығы көрсеткішін жақсарту қажет

Бұл туралы БҰҰДБ адам дамуы жөніндегі департамент өкілі Ами Гайе "Оңтүстіктің жоғарылауы: алуан түрлі әлемдегі адами өрлеу" БҰҰДБ жаһандық баяндамасын таныстыру кезінде ҚР Сыртқы істер министрлігінде хабарлады.

Астана. 8-сәуір. Kazakhstan Today - Адами капиталды дамыту мақсатында Қазақстан өз азаматтарының өмір сүру ұзақтығын жақсартуы қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы БҰҰДБ адам дамуы жөніндегі департамент өкілі Ами Гайе "Оңтүстіктің жоғарылауы: алуан түрлі әлемдегі адами өрлеу" БҰҰДБ жаһандық баяндамасын таныстыру кезінде ҚР Сыртқы істер министрлігінде хабарлады.

"Адами капиталды дамытуға қатысты Қазақстанда проблемалар бар және олардың бірі өмір сүру ұзақтығы мен туу болып табылады", - деді БҰҰДБ өкілі.

Сонымен қатар, ол адам дамуы тұрғысынан Қазақстан соңғы 10 жылда жақсы нәтижелер көрсеткенін атап өтті. 122 елдің ішінде ол 17-ші орында тұр.

Оған қоса, БҰҰ сарапшысының айтуынша, табыс деңгейі мен білім алу деңгейінің арақатынасы бойынша Қазақстан басқа елдерді басып озады.

"Қазақстанның 25-жасар азаматтарының санын алсақ, мектеп бітіргендердердің саны көп. Көптеген дамыған елдермен салыстырғанда бұл өте жоғары көрсеткіш", - деді Ами Гайе.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны