23.02.2016, 10:02 3932

Қазақстанға қалтасын қалыӊдатып келіпті

Қорғастық шекарашылар елімізге жарияланбаған валютамен кірмек болған ҚХР азаматын ұстады

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Қорғастық шекарашылар елімізге жарияланбаған валютамен кірмек болған ҚХР азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қорғас" шекаралық бақылау отрядыныӊ "Жолаушылар" бөлімшесінде шекара наряды көрші елден біздіӊ елге қарай жаяулатып келе жатқан 40 жастағы ҚХР азаматын ұстады.

Ұсталған азаматты тереӊірек тексеру барысында, оныӊ қалтасынан жарияланбаған 10 000 АҚШ доллары мен 8 800 қытай юані табылды. Ұсталған азаматтыӊ ісімен "Алтынкөл" кеден бекетініӊ қызметкерлері айналысуда.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны