30.05.2007, 17:34 3198

Қазақстанның арнаулы қызметтерінің оперативтік қызметкерлер тобы Австриядан қудаланды - ақпарат көзі

ВЕНА. 30-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін түнде Қазақстанның арнаулы қызметтерінің оперативтік қызметкерлер тобы Австриядан қудаланды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Австрия Республикасындағы Қазақстан елшілігіндегі ақпарат көзі хабарлады.

"Бұл топ ел басшылығына хабарландыру бермей Австрия аумағында оперативтік іс-әрекеттер жүргізген, бұл дипломатиялық хаттаманы өрескел бұзу болып табылады",- деді ақпарат көзі.

Оның ақпаратына сәйкес, Венаға келген топтың құрамына "ҰҚК-нің Германиядағы, Англиядағы өкілі мен Франкфурт қаласындағы ҚР консулдығынан арнайы қызмет өкілдері кірген". "Топты ҚР СІМ-нің орынбасары Қайрат Ибдірахманов басқарған",- деді ақпарат көзі.

Оның айтуынша, "Австрия СІМ-де өткен кездесу барысында Ибдірахмановқа арнаулы қызметтерінің оперативтік қызметкерлер тобының ел аумағындағы іс-әрекеттерінің заңсыздығы, дипломатиялық қызметкерлердің Еуроодақ елдерінде болу нормалары мен ережелерін бұзғандығы атап көрсетілді".

"Олардың бәрі қазіргі жағдаймен ел аумағынан шығарылды",- деді ақпарат көзі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны