11.12.2007, 16:57 3637

Қазақстанның ауыл тұрғындарының табиғи өсуі есебінен жыл сайын адам саны 25 - 35 мыңға өсіп отыр - ҚР Ауылшаруашылық министрлігі

Қазақстанның ауыл тұрғындарының табиғи өсуі есебінен жыл сайын адам саны 25 - 35 мыңға өсіп отыр - ҚР Ауылшаруашылық министрлігі

Астана. 11-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның ауыл тұрғындарының табиғи өсуі есебінен адам саны жыл сайын 25 - 35 мыңға өсіп отыр. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігінің ауылдық аумақ істері жөніндегі комитеттің төрағасы Санат Тұңғышбеков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. "Соңғы 5 жылда жасалған талдау ауыл тұрғындары бойынша ішкі көші-қон сальдосы кері көрсеткішін көрсетіп отыр, ол жыл сайын 65 - 70 мыңға жуық (ауыл тұрғындарының көшіп-қонуы - агенттік тілшісі)",- деді С. Тұңғышбеков.

"Бірақ табиғи өсу есебінен жалпы республикамыздың ауыл тұрғындарының саны жыл сайын 25 - 35 мың адамға өседі",- деп қосты ол. Комитет төрағасының айтуынша, талдау "өнеркәсіп дамыған аймақтарда кері сальдоның жоғары екендігін - Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында ауыл тұрғындарының ағымы басқа аймақтармен салыстырғанда көп" екендігін көрсетіп отыр. "Жалпы республика бойынша тек Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық аймақтары ішкі көші-қон бойынша оң сальдоға ие".- деп атап көрсетті С. Тұңғышбаев.

Қазақстан Республикасының Аылшаруашылық министрлігі таратқан баспасөз баянында, "жалпы 5 жыл ішінде көші-қон процессіне қатысқан 1 млн ауыл тұрғынының арасында әйелдер 52 пайызды, еркектер 48 пайызды құрап отыр" деп көрсетілген. "Ішкі көші-қон негізінің 68 пайызын еңбек жасандағылар, 23 пайызын балалар, 9 пайызын еңбек жасынан асқандар құрайды", деп атап көрсетілген құжатта. Сонымен қатар, Ауылшаруашылығының қортындысына сүйенсек, "көші қон процессінде педагогикалық білімі бар еңбек жасындағы әйелдер белсенділік танытып отыр".

"Көші-қон айналымында мамандық бойынша ауылдық елді-мекендерге келушілердің арасында ауылшаруашылық мамандары - 14 пайызды және педагогтар 11 пайызды құрап, көш басынан көрініп отыр, одан кейін техниктер - 8 пайызды, экономистер - 6 пайызды, медицина қызметкерлері - 5 пайызды, заңгерлер - 3 пайызды және сәулет-құрылыс маманды 2 пайызды құрайды. Ауылдық жерлерден кететіндердің арасында да - ауылшарушалық мамандары - 13 пайызды, одан кейін педагогтар - 10 пайызды, техникетер мен экономистер - 8 пайыздан, медицина қызметкерлері - 5 пайызды, заңгерлер - 3 пайызды және сәулеттік-құрылыс мамандары - 2 пайызды құрайды",- деп атап көрсетілген баспасөз баянында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны