17.11.2011, 11:42 3640

Қазақстанның басым аумағында қар жауып, тұман түседі деп күтілуде

Бүгін, 17 қараша күні атмосфералық ағым бөліктерінің ықпал етуімен Қазақстанның басым аумағында жауын жауып, бұрқасындатады, ұйытқыма жел мен тұман күтілуде.

Астана. 17-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында қар жауып, тұман түседі деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін, 17 қараша күні атмосфералық ағым бөліктерінің ықпал етуімен Қазақстанның басым аумағында жауын жауып, бұрқасындатады, ұйытқыма жел мен тұман күтілуде.

Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Қостанай облысында түнде және күндіз тұман түсуі ықтимал.

Алматы облысында түнде жекелеген өңірлерде тұман, күндіз Жалаңашкөл аумағында 15-20 м/с күшпен жел соғады. Жамбыл, Атырау, түнде Батыс Қазақстан облыстарында - тұманды. Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықта жел тұрады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде сондай-ақ, желді, оның күші секундына 15-20 метрді құрайтын болады. Ал Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын жүреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны