26.04.2013, 11:35 12935

Қазақстанның басым аумағында күн күркіреп, жаңбыр жауады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы, жаңбыр жауып, кей жерлерде қалың жауын жауады, жел күшейіп, кей жерлерде найзағай ойнайды, тұман түсіп, бұршақ жауады.

Астана. 26-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы, жаңбыр жауып, кей жерлерде қалың жауын жауады, жел күшейіп, кей жерлерде найзағай ойнайды, тұман түсіп, бұршақ жауады.

"Қазгидромет" РМК мәліметтеріне сәйкес, Маңғыстау, күндіз Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында 15-20 м/с дейін жел күшейеді деп болжануда. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде күн күркірейді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында да күн күркіреп, 15-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, Жамбыл облысында кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысында кей жерлерде найзағай соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны