18.05.2015, 09:35 3729

Қазақстанныӊ басым аумағында жаӊбыр жауады

Қазақстанныӊ басым аумағында атмосфералық ағымдардыӊ өтуіне байланысты жаӊбыр жауып, найзағай ойнайды және екпінді жел соғады, республиканыӊ оӊтүстік-батысында тұман түседі

Астана. 18 Мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ басым аумағында атмосфералық ағымдардыӊ өтуіне байланысты жаӊбыр жауып, найзағай ойнайды және екпінді жел соғады, республиканыӊ оӊтүстік-батысында тұман түседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Тек Қазақстанныӊ оӊтүстігі, оӊтүстік-шығысы мен оӊтүстік-батысында ауа райы ашық болады. Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарыныӊ кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел 15-22 м/с дейін күшейеді. Алматы облысыныӊ кей аумақтарында найзағай ойнайды. Маӊғыстау облысында тұман түседі. Атырау, Ақтөбе облыстарында жел күші 15-20 м/с жетеді", - делінген "Қазгидромет" ақпаратында, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны