27.05.2011, 11:10 3039

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін Қазақстанның батыс және шығыс өңірлерінің ауа райына атмосфералық ағымдар ықпал етеді.

Астана. 27 - мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін Қазақстанның батыс және шығыс өңірлерінің ауа райына атмосфералық ағымдар ықпал етеді.

Олармен жауын-шашындар, жекелеген жерлерде найзағай мен күшті желдер күтілуде. Ал республиканың қалған аумақтары антициклонның әсерінде болып, басым бөлікте күн жауын-шашынсыз өтеді.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 17-22 м/с екпінде жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, түнде Алматы, Павлодар, Қарағанды, күндіз Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында секундына 15-22 метр жылдамдықта жел соғады.

Ақмола мен Қарағанды облыстарының кей жерлерінде ауа температурасы 0-2 градусқа дейін төмендейді.

Синоптиктердің гидрометеорологиялық болжамдарына сәйкес, алдағы тәулікте Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның басқа сулы нысандарында айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны