01.03.2013, 10:58 3327

Қазақстанның басым аумағында жұма күні боран соғып, жел күшейеді

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, күндіз Батыс Қазақстан және Атырау облысының кей жерлерінде боран соғып, 15-22 м/с жел тұрады, Ақмола облысында желдің екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Астана. 1-наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында жұма күні ауа райы бұзылады, жауын-шашын түсіп, бұрқасындатады, жел күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, күндіз Батыс Қазақстан және Атырау облысының кей жерлерінде боран соғып, 15-22 м/с жел тұрады, Ақмола облысында желдің екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облысында түнде 15-20 м/с жел тұрады, желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді, боран соғады, күндіз 15-20 м/с жел тұрады.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны