05.10.2007, 16:10 2746

Қазақстанның дәрі-дәрмек нарығында бәсекелестікті шектейтін бірнеше компния жұмыс істейді - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті

Қазақстанның дәрі-дәрмек нарығында бәсекелестікті шектейтін бірнеше компния жұмыс істейді - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті

Астана. 5-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның дәрі-дәрмек нарығында бәсекелестікті шектейтін бірнеше компния жұмыс істейді. Мұндай пікірін бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Илиакпар Матишев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біздің пайымдауымызша, бүгінде халық дәрі-дәрмектерге артық ақша төлеп отыр, және де осы нарықта, біздің жобалауымызша, бәсекелестікті шектейтін және артық пайда көріп отырған бірнеше компания жұмыс істейді",- деді И. Матишев.

"Біз келесі аптада премьер-министрдің дәрі-дәрмек нарығында дәрі-дәрмектердің қалай тасымалданып, қалай сатылып жатқандығына қатысты берген тапсырмасы бойынша жүргізген тексеруімізді аяқтаймыз",- деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны