25.06.2018, 22:46 5260

Қазақстанныӊ дүкен сөрелерінде Қырғызстанныӊ қауіпті өнімдері сатылуда

Осы өнімдердіӊ барлығы Кеден одағыныӊ "Тамақ өнімініӊ қауіпсіздігі туралы" 021/2011 КО ТР, "Ет және ет өнімдерініӊ қауіпсіздігі туралы" 034/2013 КО ТР, "Сүт және сүт өнімдерініӊ қауіпсіздігі туралы" 033/2013 КО ТР және "Таӊбалау бөлігіндегі тамақ өнімі" 022/2011 КО ТР техникалық регламенттерініӊ талаптарына сәйкес келмейді.

Астана. 25 маусым. Kazakhstan Today - "РИХА" өндірген "Испанская" пісірілген-ысталған салями шұжығы сынамаларында ішек таяқшалары тобыныӊ бактериялары, ал "Умут и Ко" ЖШҚ өндірген "День и Ночь" шоколад және ақ глазурдағы кілегей эскимосы сынамаларында тамақтан улану тудыратын Staphylococcus aureus анықталды.

Сонымен қатар, "Эмилия" ЖШС-ніӊ 45% "голландиялық ірімшік" өнімініӊ сынамаларында ішек таяқшалары тобыныӊ бактериялары табылды. Бұл ретте өндіруші "Эмилия" ЖШС жүргізілген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардан, сондай-ақ зертханалық бақылаудан кейін Қазақстанныӊ тұтынушылық нарығына қауіпті өнімді жібермеу туралы кепілдік берген. Алайда бүгінгі күні осы кепілдіктер сақталмай отыр, бұл кәсіпорында тиісті өндірістік бақылаудыӊ өткізілмейтінін, сонымен бірге логистика ережелерініӊ бұзылғанын көрсетеді.

Осы өнімдердіӊ барлығы Кеден одағыныӊ "Тамақ өнімініӊ қауіпсіздігі туралы" 021/2011 КО ТР, "Ет және ет өнімдерініӊ қауіпсіздігі туралы" 034/2013 КО ТР, "Сүт және сүт өнімдерініӊ қауіпсіздігі туралы" 033/2013 КО ТР және "Таӊбалау бөлігіндегі тамақ өнімі" 022/2011 КО ТР техникалық регламенттерініӊ талаптарына сәйкес келмейді.

Комитет сәйкес келмейтін өнімді алу және жою бойынша шараларды жүргізуде, республиканыӊ барлық аумағында зертханалық бақылауды күшейтуде, сондай-ақ Қырғызстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне аталған жосықсыз өндірушілердіӊ қызметін бақылауға алу туралы хабарлама жіберілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны