15.11.2012, 20:02 2810

Қазақстанның қаржы нарығы Ресейге қарағанда барынша жақсы реттелген

Қазақстан қаржы нарығын реттеу бағытында Ресейден алда келе жатыр.

Астана. 15-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанның қаржы нарығы Ресейге қарағанда барынша жақсы реттелген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан қаржы нарығын реттеу бағытында Ресейден алда келе жатыр.

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Қазақстандық эмитенттер форумында жан-жақты айтылды.

"Қазақстан қаржы нарығын реттеуде көп жұмыстар жасады. Қазір Кеден одағы аясында заңнамаларды сәйкестендіру үдерісі жүріп жатыр. Бұл бағытта Қазақстанға қарағанда Ресейде атқарылатын жұмыс көбірек", - дейді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының басқарушы директоры Медет Сартбаев.

Ал "Тройка Диалог Қазақстан" АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы Асқар Елемесовтың айтуынша, нарықтардың халықаралық ықпалдастығының әлеуеті өте зор. Бұл үшін нарыққа мүмкіндік беру керек. Қазақстанның қаржы нарығының дамуына қазіргі таңда акциялар нарығының болмауы тосқауыл болуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны