27.05.2009, 09:38 1268

Қазақстанның көптеген облыстарында кей жерлерде найзағаймен және күшті желмен қосылған өткінші жаңбырлар жауады

Қазақстанның көптеген облыстарында кей жерлерде найзағаймен және күшті желмен қосылған өткінші жаңбырлар жауады

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның көптеген облыстарында кей жерлерде найзағаймен және күшті желмен қосылған өткінші жаңбырлар жауады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 27 мамырда Қазақстанның көптеген облыстарында кей жерлерде найзағаймен және күшті желмен қосылған өткінші жаңбырлар жауады. Тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысындағы антициклон жаңбырсыз күн райын ұстап қалады. Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, түнде Жамбыл, күндіз Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге дейін жетеді.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде 0 - минус 3 градусқа дейінгі суықтық сақталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны