30.09.2008, 12:05 2769

Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрі еліміздегі 300-ден астам мектептің оқушылары үшін интерактивті сабақ өткізді

Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрі еліміздегі 300-ден астам мектептің оқушылары үшін интерактивті сабақ өткізді

Астана. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Білім және ғылым министрлігінің интерактивті студиясында бүгін республикамыздағы 364 орта мектептің 10-11 сынып оқушылары үшін "Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының абсты бағыттары" тақырыбында интерактивті сабақ өтті, оны еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгін талқыланған тақырып бірінші кезекті біздің балаларымызға байланысты, өйткені, бағдарламада көрсетілген еліміздің даму кезеңі үшін дәл қазіргі осы балалар жауапты болмақ. Біз үшін балалардың бұл бағдарламаны жүзеге асыруға бүгіннен бастап белсене кірісуінің маңызы зор. Еліміздегі бүгінгі басты проблеманың бірі - халықтың үкімет қабырғасында қабылданып жатқан бағдарламалардан алшақтығы. Олардың сәтті жүзеге асырылуы халыққа, бірінші кезекте, балаларға да байланысты",- деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны