27.12.2016, 13:38 3928

"Қазақстанныӊ құрметті азаматтарына" пәтер кілттері табыс етілді

"Қазақстанныӊ құрметті азаматтарына" пәтер кілттері табыс етілді

Астана. 27 желтоқсан. Kazakhstan Today - BI Group компаниясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай "Қазақстанныӊ құрметті азаматы" жобасын ұйымдастырған болатын. 6 желтоқсанда тәуелсіз сарапшылардыӊ шешімімен таӊдалған 10 үміткерге бүкілхалықтық дауыс беру басталды. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметініӊ ақпарат алмасу алаӊында дауыс беру нәтижесі жарияланып, "Қазақстанныӊ құрметті азаматы" анықталды.

2016 жылдыӊ 15 қарашасында басталған жобаға еліміздіӊ түкпір-түкпірінен 2 мыӊнан астам үміткердіӊ өтінімі ұсынылды. Сарапшылар кеӊесі - Аружан Саин, Ерлан Қарин, Айдос Сарым, Айбек Алдабергенов, Вадим Борейко, Исел Қарауылова, Сергей Пономарев, Досжан Табылды, Илішер Елікбаев, Ержан Рашев, Денис Кулькин, Нүркен Халықберген, Евгений Кочетов екі мыӊ үміткердіӊ өмірбаянын зерттеп, қызу талқылаудыӊ нәтижесінде лайықты деген он азаматты анықтады. Олар: мүмкіндігі шектеулі адамдардыӊ құқын қорғаушы - Алмаз Ержан, "Быть или не быть" фильмініӊ авторы - Азиз Заиров, "Клуб 28 петель" жобасыныӊ негізін салушы - Карла Нұр, көпбалалы әке - Мұрат Кабылбаев. Қазақстандағы бірінші "Детский хоспис" және "Здоровая Азия" қорыныӊ негізін салушы - Нағима Плохих, талантты музыкант - Азамат Темирбаев, "Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы" АҚ онкогематология бөлімшесініӊ әлеуметтік жұмыс маманы - Марина Чейшвили, халықаралық гроссмейстер - Жансая Ибдімәлік, ұшқыш - Дмитрий Родин және режиссер - Ермек Тұрсынов.

Ирбір үміткердіӊ ерен ерлігін немесе өлшеусіз еӊбегін баяндайтын бейнесюжеттер түсіріліп, мақалалар жазылды. Осылайша, кез келген қазақстандық bi-azamat.kz сайтында үміткерлердіӊ өмірлік тарихымен танысып, қалаған қатысушыға дауыс беруге мүмкіндік алды.

Сонымен, желтоқсанныӊ 25-нен 26-на қараған түні бүкілхалықтық дауыс беру тоқтатылды. Алғашқы күндерден-ақ өзге қатысушылардан айтарлықтай басымдықпен алға шыққан Мұрат Кабылбаев пен Марина Чейшвили дауыс берудіӊ соӊына дейін қатарласып келді. Осылайша, BI Group компаниясы еӊ көп дауыс жинаған екі үміткерді де жобаныӊ жеӊімпазы деп танып, екеуіне де екі бөлмелі пәтерлердіӊ кілттерін табыс етті. Ал қалған 8 үміткер 500 мыӊ теӊгелік сертификаттарға ие болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны