27.01.2010, 09:54 1822

Қазақстанның өңірлерінде боран соғып, тұман түсіп, жел күшейеді деп күтілуде

Қазақстанның өңірлерінде боран соғып, тұман түсіп, жел күшейеді деп күтілуде

Астана. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның өңірлерінде боран соғып, тұман түсіп, жел күшейеді деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, таяу тәуліктерде "республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронталдық бөліністердің ықпалында болады. Қазақстанның солтүстігі мен орталық бөлігіндегі ауа райын антициклон анықтайды. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда облыстарында, түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде боран соғады, секундына 15 - 22 метр жылдамдықта жел тұрады".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, "Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15 - 23 метрге жетеді, Алматы облысында жекелеген аудандарда боран соғады. Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз Қарағанды облысында жекелеген аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге дейін күшейеді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны