18.08.2006, 18:52 2959

Қазақстанның Сыртқы істер министрі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Беларусь елшісін қабылдады

АСТАНА. 18-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев бүгін Астанада дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Беларусь елшісі Лариса Пакушты қабылдады, деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Лариса Пакушты ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталуымен құттықтаған Қазақстан министрі, Қазақстан мен Беларус республикаларының арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін оған алғыс білдірді.

Кездесу барысында сондай-ақ, екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері де талқыланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны