04.12.2009, 09:54 1671

Қазақстанның солтүстік облыстарында боран соғып, көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтілуде

Қазақстанның солтүстік облыстарында боран соғып, көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтілуде

Астана. 4 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанның солтүстік облыстарында боран соғып, көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, "Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында боран соғып, көктайғақ болып, батыстан соққан жел секундына 17 - 22 метрге дейін күшейеді деп күтілуде. Ақмола және Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Ақмола облысында кей жерлерде боран соғады".

Сондай-ақ, "Қызылорда, Ақтөбе, Алматы және Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан, түнде Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі", - деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны