10.02.2010, 11:40 1306

Қазақстанның солтүстік облыстарында минус 45 градусқа дейінгі аяз сақталуда

Қазақстанның солтүстік облыстарында минус 45 градусқа дейінгі аяз сақталуда

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның солтүстік облыстарында минус 45 градусқа дейінгі аяз сақталуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, таяу тәуліктерде "Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың ықпалы сақталады. Республиканың қалған бөлігіндегі ауа райын суық антициклон қалдығы айқындайды. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде Цельсий өлшемі бойынша минус 40 - 45 градусқа дейінгі аяз сақталады.

Сондай-ақ, ТЖМ мәліметінше, "Жамбыл облысында түнде кей жерлерде боран соғады, жылдамдығы секундына 15 - 20 метр жел тұрады, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында - кей жерлерде боран соғады, жылдамдығы секундына 15 - 20 метр жел тұрады. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде тұман түседі".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны