05.02.2010, 09:51 1569

Қазақстанның үш облысында ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты қозғалыс жабылды

Қазақстанның үш облысында ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты қозғалыс жабылды

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның үш облысында ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, атап айтсақ, Шығыс Қазақстан облысында кешегі сағат 18.00-ден бері қарлы боран соғуына және көрінудің шектеулілігіне байланысты облыстық маңызы бар Күршім-Қалжыр автожолының 0-131 -ші шақырым аралығындағы бөлігі мен Семей-Қарауыл автожолында көліктің барлық түрлеріне қозғалыс жабылды. Қарағанды облысында кешегі сағат 20.00-ден бері ауа температурасының төмендеуіне байланысты жолаушылар тасымалдаушы және дизельді көліктер үшін барлық бағыттарда қозғалыс тоқтатылды.

Сондай-ақ, Павлодар облысында кешегі сағат 21.00-ден бері ауа температурасының төмендеуіне байланысты жолаушылар тасымалдаушы дәне дизельді көліктер үшін барлық бағыттарда қозғалыс тоқтатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны